«Ақтөбе педагогикалық колледжі» ЖМ өз қызметін Ақтөбе облысының Әділет департаменті бекіткен 03.08.2020 жылғы білім беру ұйымының жарғысы, Ақтөбе облысының білім беру саласындағы бақылау департаменті берген 19.01.2023 жылғы № KZ14LAA0003320 білім беру қызметіне лицензия, 2021-2026 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар және Қазақстан Республикасының осы саладағы басқа да нормативтік – құқықтық актілері негізінде жүргізеді. Оқу үдерісін 2021-2022 оқу жылынан 119 білім алушымен бастады.
Колледжде кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары мен педагог кадрларды даярлаудың басым бағыттарын ескере отырып, колледждің миссиясы мен көзқарасына сәйкес 2021-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясы бекітілді.
Мақсаты: елімізде және өңірде қолданыстағы ТжКБ жүйесін жаңғырту процестері негізінде жоғары білікті кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыру және қоғамның қажеттіліктеріне және экономиканың индустриялық-инновациялық дамуына жауап беретін мамандарды даярлаудың инновациялық моделін енгізу.
Колледждің миссиясы – «Кәсіби іс-әрекеттің заманауи жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті, құзіреттілігі мол маман дайындау». Ақтөбе педагогикалық колледжі — 3 тамыз 2020 жылдан бастап өз қызметін бастаған. Білім алушылардың, педагогтердің, жұмыс берушілердің және басқа да мүдделі тараптардың мүдделерінде жұмыс істейтін заманауи білім беру технологияларын енгізу үшін ашық қалыптасқан білім беру және тәрбие жүйесі бар оқу орны. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Алматы районы, Шернияз Жарылғасұлы көшесі 41, Электрондық пошта: pedkolledzh_aktobe@mail.ru.
Болашақты болжау: Ақтөбе педагогикалық колледжі – заманауи білім беру жүйесі, ашық ақпараттық ортасы бар және студенттердің, оқытушылардың, жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тараптардың, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандардың мүддесіне заманауи және жаңа технологиялармен білім беретін оқу орны.
3 мамандық және 3 біліктілік бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға.
№ KZ14LAA0003320 лицензия бар.
1. 011401000 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі (біліктілігі 4S01140101 бастауыш білім беру мұғалімі)
2. 011201000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту( біліктілігі 4S001120102 мектепкедейінгі білім беру және тәрбие ұйымының тәрбиешісі)
3. 01140500 Дене тәрбиесі және спорт (біліктілігі 4S001140501 дене тәрбиесі пәні мұғалімі)
Колледжде 2021-2022 оқу жылы бойынша 15 педагог қызметкер, 2022-2023 оқу жылы бойынша 16 педагог қызметкер қызмет істеген. Барлық оқытушылар жоғары білімді мамандар. Оның ішінде 2021-2022 оқу жылындағы жоғары санатты оқытушылар саны — 1, бірінші санатты оқытушылар саны — 1,«педагог-сарапшы» — 2, «педагог-зерттеуші» -6, магистр — 2.
2022-2023 оқу жылы бойынша 16 педагог қызметкер, оның «педагог-сарапшы» — 4, «педагог-модератор» — 1, «педагог-зерттеуші» — 5, магистр — 2, бірінші санатты — 2.